• Басты бет
  • /
  • "Мемлекеттік тіл-этносаралық қатынас тілі" облыстық проекторы
"Мемлекеттік тіл-этносаралық қатынас тілі" облыстық проекторы

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Мемлекеттік тіл - этносаралық қарым-қатынас тілі» облыстық жобасы өтті. Жобаның мақсаты – әртүрлі ұлт жастарын мемлекеттік тілді үйренуге баулу, сондай-ақ оның қоғамдағы рөлін арттыру. Бұл жобаға мектебіміздің атынан 10 «А» сынып оқушысы Балакишиева Ирана қатысып, жеті қадамдағы жеті тапсырманы орындап,уақытында сәтті қорғай білді. Ирананаға жетекшілік еткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нуржанова Алмаш Мылтыкбаевна. Жоба нәтижесі бойынша Балакишиева Ирана алғыс хатпен сыйлыққа ие болды. Құттықтаймыз! Шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!